ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰРТШЫЛЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰРТШЫЛЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

93 просмотров

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰРТШЫЛЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы іс-шараға қатысушылардың бәрін Наурыз мейрамымен құттықтап, бұл жаңару мен жаңа өмірдің басталуын сипаттайтын мерекенің рухани бай мұрамыздың жарқын символына, үздіксіз ұрпақ сабақтастығына және Қазақстан халқы бірлігінің негізіне айналғанын атап өтті. – Елбасының биылғы 19 наурызда қабылдаған шешімі мемлекетіміздің болашағына деген шынайы қамқорлықты білдіреді. Осындай сындарлы кезеңде Елбасын және мені қолдаған барша халқыма ризашылығымды айтқым келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы өзінің ел Президенті ретіндегі алғашқы сапарының қазақ мәдениетінің, тарихы мен руханиятының орталығы саналатын Түркістан қаласынан басталуының символдық мәні зор екенін айтты. – Түркістан – мемлекетіміздің алтын бесігі. Елбасының бұл қалаға ерекше мәртебе беру туралы шешімі кездейсоқ емес. Ежелгі Түркістанның жаңғыруы және жаңаруы даму жолымыздың дұрыстығын көрсетеді. Алдағы жұмыстарым туралы және қоғамды толғандырған мәселелерді шешуге байланысты ойымды дәл осы жерде бөліскім келеді, – деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды бірінші кезекте толғандыратын мәселелердің ішінде, ең алдымен, әділеттілікті күшейту қажеттігіне тоқталды. – Қоғамдағы әділеттілік, ең алдымен, атқарушы билікке байланысты. Үкіметтің, министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің, полицияның, прокуратураның, соттардың мақсаты – азаматтардың құқығын қорғау. Бұл – олардың конституциялық міндеті әрі азаматтық борышы, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейе түсетінін айтып, орынды шағым түскен жағдайда орталық және жергілікті органдардың басшылары тікелей жауап беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің халықпен тығыз жұмыс істеуі қажет екеніне баса мән беріп, басшылардың халық алдында есеп беру кездесулерінің қазіргі форматын сынға алды. Мемлекет басшысы еңбексүйгіштік пен сіңірген еңбегіне орай марапаттау құндылықтарының идеясы ұлттық идеологиямыздың бастауында тұруы қажет екенін айтты. – Біз азаматтарымыздың, ең алдымен, жастардың жұмысқа орналасуы және кәсіби тұрғыдан өсуіне жағдай жасауға тиіспіз. Шетелде жұмыс істеп жатқандардың әлеуетін елімізде пайдалану мүмкіндігін қарастыруымыз керек. Сонда біз күшейе түсеміз. Сонымен қатар, жұмыс табуға ұмтылмайтындардың ішінде әлеуметтік масылдықты қолдауға болмайды. Мемлекет әлеуметтік жағдайы нашарларға көмек көрсететін болады. Қалғандарының бәрі жұмыс істеуге тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Үкіметке бюджетті тек мемлекетіміздің дамуына және қауіпсіздік мақсаттарына қайта бейімдеуді, сондай-ақ имидждік іс-шараларға арналған шығындарды азайтуды тапсырды. – Мемлекеттік шығыстардың басты міндеті – қарапайым адамдардың мәселелерін шешу. Ауыз су, баспана, жұмыс орындары, жайлы өмір үшін инфрақұрылым – осылардың бәрі ел тұрғындарын алаңдатады. Міне, біз осы міндеттерді шешетін боламыз. Министрлер мен әкімдердің жұмысын нақты проблемаларды шешу нәтижелері бойынша бағалайтын боламын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті рухани жаңғыру мәселелеріне тоқталып, Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы бағыттарды одан әрі жүзеге асырудың маңыздылығын айтты. Қазақстандағы Жастар жылын өткізу барысына да ерекше назар аударылды. – Біз жастар үшін жаңа мүмкіндік беруіміз керек. Соның ішінде олардың бизнес ашуына, білім алуына, жұмысқа орналасуына, табыс табуына жол ашу қажет. Өз өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керек. Еліміздің жастары мен талантты азаматтары мемлекеттік қызметте ілгерілеу үшін арнайы кадрлық бағдарлама дайындаймыз. Болашағымыз жастардың қолында, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Соңында Мемлекет басшысы өзінің Президент ретіндегі негізгі ұстанымдары сабақтастық, әділеттілік және ілгерілеу екенін атап өтті. © AkordaPress

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *