ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫ ӨТТІ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫ ӨТТІ

98 просмотров

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫ ӨТТІ

Бүкіл адам атаулының қарашаңырағы саналатын қасиетті Қазығұрт тауының баурайында орналасқан Қазығұрт ауданының 90 жылдығына орай ауданда бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, әлеуметтік нысандар ашылды. Алдымен, аудан орталығында Қазығұрт ауданының 90 жылдығына арналған монументтің ашылу рәсімі өтті. Мереке қонақтары Дендросаябақта ұйымдастырылған этноауылдың жұмысымен танысты. Этноауылда көрме, қолөнер шеберлері, әжелер тобының «Кепсен тарату», «Айдар шаш алу», «Ат қою», «Тұсаукесер» ұлттық салт- дәстүрлері, ұлттық тағамдар, спорттық іс-шаралар, алтыбақан көріністері көрсетілді. Қазығұрт ауданының 90 жылдық мерейтойына орай, Қазығұрт елді мекені, «Болашақ» мөлтек ауданынан 2 қабатты 64 пәтерлі 4 тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, 20 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Сонымен қатар, «Болашақ» мөлтек ауданынан 210 орынға арналған денешынықтыру-сауықтыру кешені, 100 орынға арналған «Өнер» мектебі ел игілігіне берілді. Аудандық мәдениет сарайында «Қазығұрт- адамзаттың рухани шыңы» атты ғылыми- тәжірибелік конференциясы өтті. Мереке гала- концертке ұласып, концертте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және қоғам өміріне белсене қатысқаны үшін бір топ азаматтарға «Қазығұрт ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Сондай-ақ мерекеге орай өткізілген футболдан аудан біріншілігінің, «Әнім сенсің, Қазығұрт» облыстық композиторлар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Гала-концертте республикаға, облысқа танымал әншілер мен бишілер өнер көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *