
Жазушы Есқара Тоқтасынұлы 75 жасқа толды. Мерейтойға орай Астанадан арнайы жазушы Сұлтан Оразалин, филология ғылымдарының докторы Диқан Қамзабекұлы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Орынбек Жолдыбай, «Алаш» сыйлығының иегері Тұрлыбек Мамасейіт, «Шабыт» университетінің дәстүрлі ән кафедрасының оқытушысы Телман Нүркенов, облыстан жазушы Мархабат Байғұт, Нармахан Бегалыұлы секілді нарқасқа майталмандар жиналды.