ҚАЛА ӘКІМІ БАЛУАНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ БАЛУАНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

102 просмотров

ҚАЛА ӘКІМІ БАЛУАНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде бақ сынайтын түркістандық жас палуан Бейбарыс Әбдіғаниды қабылдап, сәттілік лебізімен ақжолтай тілегін білдірді. Өз кезегінде қала басшысы палуанға: «Осы жолыда жүлделі жеңіспен оралсаң, бұл жеңісің жаңа облыстың орталығы Түркістан қаласының мәртебесін үстем етеді. Сен ең бастысы енді облыс орталығы, киелі Түркістанның намысын ту етіп барасын, сондықтан да бұл жолғы сайысың алдыңғысынан өзгерек болмақ, себебі тарихи мәртебесімен қоса, облыс орталығы статусын алған қаламыздың қос мәртебесін арқалау үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан да намысты қолдан бермей, серігің тек жүлде мен жеңіс болсын»- деді. Б.Әбдіғани бұған дейінде әлемдік додаларда намыс қолдан бермеген жүлдегер спортшы. Спорттың самбо, дзю-до, қазақ күресі сияқты түрлерінен шеберлігін шыңдаған. 2013, 2014, 2015 жылдардағы республикалық жастар барысы турнирлерінің жеңімпазы. Қысқасы, 1-шілде күні Астананың төрінде балуандық белдесуде Түркістанның намысы үшін бақ сынайтын Бейбарыстың спорттағы жетістігіде баршылық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *