ҚОС ЖЕҢІМПАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚОС ЖЕҢІМПАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

150 просмотров

ҚОС ЖЕҢІМПАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шардараның қос палуаны әлемдік додада үлкен жетістікке жетіп, баршамызды қуантып отыр. Атап айтар болсақ, қазақ күресінен әлем чемпионы, екі дүркін «Евразия барысы» атағын жеңіп алған Ерсұлтан Мұзаппаров кеше ғана қырғыз елінде өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойынында бас бәйгені жеңіп алды. Артынша іле-шала Индонезияда өткен Азия ойындарында жүлдегерлер сапынан көрініп келді. Ерсұлтан қазіргі таңда Шымкент қаласындағы Л.Тәжиева атындағы №4 спорт мектебінде спортпен шұғылданып келеді. Сол сияқты тағы да бір даңқты палуанымыз Батухан Құттымұрат Астана қаласында өткен грепплингтен әлем чемпионатында ақтық сынға дейін алқынбай жетіп, күміс жүлдені қоржынымызға салып келді. Сәрсенбінің сәтінде аудан әкімі Болатбек Қыстауов қос жеңімпазды арнайы қабылдап, айтулы жеңістерімен құттықтады. –Бүгінде Шардара ауданы спорт саласы бойынша потенциалы мықты өңір болып есептеледі. Бұл атқа сіздер секілді даңқты спортшыларымыздың ерен еңбегі арқылы жетіп отырмыз. Биылғы жылды өте табысты бастаған Ерсұлтанның әрбір жетістігі көз алдымызда. Сол сияқты небәрі 17 жасында талай-талай биіктерді бағындырып үлгерген Батуханды да жерлестері мақтан тұтады. Екеуіңіз екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік жасап, Дүниежүзілік көшпенділер ойынында бас бәйгені және грепплингтен әлем чемпионатында күміс жүлдені олжалап келіп отырсыздар. Құтты болсын айтамын. Ауданның әрбір жас спортшысы өздеріңізге қарап тәлім-тәрбие алады, бой түзейді. Алдағы уақытта мұнан да биік жетістіктерге қол жеткізе берулеріңізге тілектеспін, — деген Болатбек Дүйсенбекұлы палуандарды «Алғыс хатпен» марапаттап, ақшалай сыйлық тарту етті. Өздеріне көрсетіліп жатқан мұндай құрметке спортшылармен бірге белгілі бапкер Мұсырманқұл Дәуренов те алғыс айтып, көк байрағымызды биікте желбірету үшін қажымай-талмай еңбек ете беретіндерін мәлімдеді. Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *