Құрметті археологтар!

Құрметті археологтар!

48 просмотров

Құрметті археологтар!



Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз — Археологтар күнімен құттықтаймын!

Археология тарихи жәдігерге толы Егемен еліміздің көне кейіпін халыққа дәріптеп, сан ғасырды артқа тастап, тарихымызбен танысуға мүмкіндік беруде.

Жақында ғана облысымыздың археологтары сенсациялық жаңалық ашты. Көне шаһарымыздың орнынан керуен сарайы, мектеп пен қыш бұйымдары цехы табылды. Осындай мол мұрамызбен біздерді, жастарды, ұрпақтарды құлағдар етіп, көрсетіп отырған еңбектеріңіз зор. Сіздер жер үстінде жүрген адамзатқа, жер астында сақталып қалған дүниелерді танытып, оны қаншама жыл зерттеп, жаңа тарих беттерін ашып жүрсіздер. Біздің рухани шаһарымыздың да халыққа әлі де сыры беймәлім дүниелері қаншама. Соның бәрі сіздердің арқаларыңызда жарық көруде.

Тарихы таусылмас Тәуелсіз елдің әлі де ашылмаған таңбасын дәріптеуде атқарып жүрген жұмыстарыңызға алғыс білдіре отыра, жұмыстарыңызға береке, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Құрметпен, Рашид Аюпов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *