ҚҰЖАТ РӘСІМДЕУДЕ ХАЛЫҚ ӘУРЕГЕ ТҮСПЕУІ ТИІС

ҚҰЖАТ РӘСІМДЕУДЕ ХАЛЫҚ ӘУРЕГЕ ТҮСПЕУІ ТИІС

10 просмотров

ҚҰЖАТ РӘСІМДЕУДЕ ХАЛЫҚ ӘУРЕГЕ ТҮСПЕУІ ТИІС


Осы мақсатта Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов қала тұрғындарына мемлекеттік қызметті ұсынуда барынша тиімді тұстарды ескеріп, орталықтан «Халықтық кеңсе» ашуға мұрындық болды. Осы жоба арқылы бүгінде тұрғындардың уақыт жоғалтып, әкімдік есігін торуылдауы анағұрлым азайып, түйіткілді мәселелалар өз шешімін табуда.
Тарқатып айтсақ, биыл қаңтар айында «Халықтық кеңсе» іске қосылды. Мұнда әкімдікке қарасты дербес бөлімдерді қоса алғанда мемлекеттік қызметтің 70-ке тарта түрі көрсетілуде. «Халықтық кеңсе» ашылған күннен бері 20 мыңға тарта қала тұрғындары осы мекеменің қызметін пайдаланды. Бұл бастама өз тиімділігін көрсетіп отыр. Оң нәтиже бар. Осы жайлар назарға алынып, енді дәл осындай екінші кеңсені үстіміздегі жылы ашу көзделіп отыр. Бұған қоса қала қонақтары үшін «Қабылдау орталығы» ашылғанын да айта кету қажет. Аталмыш орын бүгінде әр келушінің бірінші аяқ басар орталығына айналды. Түйіндесек, мемлекеттік қызметті тұтынатын әрбір тұрғын әуреге түспеуі тиіс. Аталған жоба дәл осындай мәселені негізге алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *