"ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КЕЛУШІЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

«ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕЛУШІЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

23 просмотров

"ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КЕЛУШІЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

«Sembol Construction» компаниясы мен «Қазақстанның даму банкі» өкілдері «Қабылдау орталығында» болып, Түркістан шаһарында іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар және туристік әлеуетімен танысты. Туризм қарқынын жандандыру мақсатында және туристерге ыңғайлы жағдай жасау аясында бой көтерген «Қабылдау орталығы» рухани-мәдени аумақтағы басты нысан. Келушілердің назарын аударған да ондағы құнды жәдігерлер мен тарихи кітаптар.⠀

"ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КЕЛУШІЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

Бүгінде Түркістанда туристерге арналған келбеті ерекше «Қабылдау орталығы» техникалық түрде жұмыс жасауда. Рухани шаһарға келген қонақтар енді Жамбыл облысы тарту еткен Қабылдау орталығына келіп, Түркістан жайлы толық ақпар ала алады. Ресепшн бөлмесінде туристік орындар, тамақтану орындары, көрікті орындар т.б арналған карта, журнал және үш түлде мәлімет беретін аудиогидтар бар.

"ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КЕЛУШІЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

Мультимедиялық кабинетте Түркістан тарихынан сыр шертетін бейнероликтер, Қазақ хандығы интерактивті залында Кенесары ханның қылышының түпнұсқасы және басқа да жауынгерлік киімдер, Түркістан облысы аумағының тарихи жерлері көрсетілген интерактивті тақта қызмет көрсетеді.⠀Жуық арада қолданысқа берілетін Конгресс холл, Драма театр т.б орындарға билетті де осы жерден алуға болады. Келуші кез келген азамат тегін вайфай мен компьютер арқылы құжат рәсімдей алады.⠀Коворкинг, кітапхана, кафетерий, кофехана, 3 сувенирлік дүкен, демалу бөлмесі, автотұрақ, экспресс автобустар және рухани-мәдени аумаққа саяхат жасайтын 10 электрокар бар.⠀Тек туристік емес, жастарға арналған кештер мен конференц зал арқылы да дөңгелек үстелдер өткізуге мүмкіндік бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *