ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ: ОТЫРАРЛЫҚТАР ОЗЫП ТҰР

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ: ОТЫРАРЛЫҚТАР ОЗЫП ТҰР

26 просмотров

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ: ОТЫРАРЛЫҚТАР ОЗЫП ТҰР


«Қайырымдылық қанға сіңген қасиет». Осындай қағиданы ұстанған отырарлықтар аудандық ауруханаға азық-түлік пен бетперде үлестірді.

Атап айтсақ, игі істің басында жүрген аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Аралбай Асан Шәуілдір және Талапты ауыл округтеріне қазіргі таңда жұқпалылығымен, қауіптілігімен адамзат баласын үрейлендіріп отырған індеттің бірден-бір қорғаныш құралы болып табылатын бума-бума бетпердені тегін тарту етсесе, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман мен аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манаповтардың тікелей ұйытқы болып, аудандық орталық ауруханаға бір жылқының тұтас еті мен әртүрлі азық-түлік түрлері арнайы жеткізіп берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ: ОТЫРАРЛЫҚТАР ОЗЫП ТҰР

Биыл «Еріктілер» жылы. Қазір қай іс болмасын басында еріктілердің белсеніп жүргендеріне көзіміз әбден үйреніп қалғандай. Бүгін де осындай қайырымды көрініс орын алып, еріктілердің елжандылық қасиеттері айқын аңғарылып, ауруханадағы әрбір бөлімдерге Маяқұмның дәмі тіл үйіретін, шипалы дәрумендерге аса бай балдай тәтті шұбаттар үлестірілді. Мұндай адамгершілік ізгі қасиетке көңілдері толқып, ерекше қуанған емделуші сырқаттар қайырымдылық пейілдерін нақты істері арқылы жарқырата көрсеткен мейірімді жандарға шынайы алғыс сезімдерін ризашылықпен жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *