ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРТТАРДЫ ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫРАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРТТАРДЫ ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫРАДЫ

23 просмотров

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРТТАРДЫ ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫРАДЫ

Түркістан шаһары басшысы Рашид Аюпов қарттар күні мерекесіне орай, ардагерлерді ақ дастарқан басында құттықтап, сый-сияпат табыстады. «Сіздердің ақ баталарыңыздың арқасында біз тынымсыз еңбек етіп келеміз. «Қарты бар елдің — қазынасы бар» демекші, сіздердің бізге үнемі көрсетіп жүрген қолдауларыңыз, тәлімдеріңіз бен тәрбиелеріңіз бізге күш-қуат береді. Сіздер біздің әр жұмысымызға баға беріп, өз ақылдарыңызды айта отырып, дұрыс жолда жүруімізге сеп беріп келесіздер. Сіздердің бар болғандарыңызға рақмет!» дей келе, сенбі күні қалада бой көтерген ғимараттармен жеке өзі таныстыратынын айтты.Ардагерлер мен ақ жаулықты аналар да өз кезегінде қаланың тұрғындарға ыңғайлы болып қалғанын айтып, әр өзгерісін ерекше бағалап, қуаныштарын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *