Қала әкімі халық қалаулыларын бірге таңдауға шықырды

Қала әкімі халық қалаулыларын бірге таңдауға шықырды

14 просмотров

Қала әкімі халық қалаулыларын бірге таңдауға шықырды

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов халықты қала болашағы үшін аса маңызды «Nur Otan» партиясы ішіндегі праймеризге үміткерлер арасындағы ашық дебатқа белсенді қатысуға шақырды. Ол аталған шараның бүгінгі күні халық арасында үлкен талқыға түсіп, бастапқыда аса мән берілмеген ашық дебаттарға қызығушылық сәт санап артып келе жатқанын сөзіне тиек етті.

«Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ықпалымен тұңғыш рет орын алып отырған Праймериз – партияішілік сайлауы еліміздің партиялық саяси-дамуы тарихында және қоғам арасында ерекше көзқарасқа ие болды» — дейді шаһар әкімі. Шынында да, бүгінгі күні праймериз тақырыбы көпшіліктің қызығушылығын тудырып, ел алдында ашық түрде өткізіліп жатырған пікірсайыстар әлеуметтік желілерден қызу талқыланып жатырғаны жасырын емес. Бұл дегеніміз, ел өзіне керекті халық қалаулысын өзі таңдап, берген уәделерінің орындалуын өз көзімен көруіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Рашид Абатұлы 1-3 қазан аралығында өтетін дауыс беру кезеңіне толық қатысуға шақырды. Ол әрбір дауыстың, жаңғырған Түркістанның ертеңі үшін жасалар нық қадам екенін де айта кетті.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *