ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАҒА ТЫНЫС АЛУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАҒА ТЫНЫС АЛУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

62 просмотров

ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАҒА ТЫНЫС АЛУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Жуырда «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы «Өмір» жобасын қолға алған болатын. Игі бастама аясында Түркістан қаласының орталық емханасына тыныс алу қондырғылары табысталды. Бұл туралы облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Амалбек Өміртай әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Ол өз жазбасында «Жас Түркістан» жай ғана волонтерлар қозғалысы емес, ұлттық мүддеге, ұлттық идеяны бойына біріктіретін «қасиетті ұғымға» біріккен өңір жастарының тобы. Сол себепті де, ол атауға лайық болу үшін әрбір бастаған ісімізге бар ынта-жігерімізді салуымыз қажет екендігін терең ұғынамыз.

Бүгін облысымыздағы «Нұр Отан» партиясы филиалы мен бірқатар облыстық маслихат депутаттары, ел жанашырларының қолдауымен қолға алынған «Өмір» жобасы аясында Түркістан қаласы орталық емханасына тыныс алу қондырғылары табысталды. Сондай-ақ Арыс қаласы мен Ордабасы ауданына да оттегі қондырғылары жөнелтілді. Алдағы күндері өзге аудандарымызды да тиісінше қамтамасыз етпекпіз.

1. Бұл — жастардың белін буған ел жанашырларының аманаты, болашаққа сенімі!
2. Бұл — расында да жас, жас та болса жасампаз Jas Turkistan еріктілерінің шынайы пейілі.
3. Бұл — індетпен жалпыұлттық күрестің жеңісті сәттері!», — деп жазды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *