ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙ ОРНАҒАНША ЕҢБЕК ЕТУДІ ЕСЕЛЕЙ ТҮСУ ҚАЖЕТ

ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙ ОРНАҒАНША ЕҢБЕК ЕТУДІ ЕСЕЛЕЙ ТҮСУ ҚАЖЕТ

21 просмотров

ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙ ОРНАҒАНША ЕҢБЕК ЕТУДІ ЕСЕЛЕЙ ТҮСУ ҚАЖЕТ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында еріктілерге ерекше алғыс білдірді. Бұл осы шепте жүрген әрбір азаматқа жеке-жеке айтылған алғыс деп есептеймін. Халқымыздың қанына сіңген асыл қасиеттердің арқасында бірліктің озық үлгісін көрсетіп келеміз. 

Жақынға болысу, қажетке көмек қолын созу ‒ бұрыннан келе жатқан жолымыз. Бұл ‒ сөзіме тарих куәгер. Ел басына күн туған шақта бей-жай қалмаған жандар қандай да болсын құрметке лайықты. Осындай елім дейтін ерлері бар елдің ішінен кейбір «пысықайлардың» шығып жатқаны көңілге қаяу салады. Бағаны қолдан көтеру, қызметін пұлдау, қиын уақытта өз мүддесіне шешу секілді жағдайлар қоғамда орын алғаны жасырын емес. Бұл ‒ дегеніңіз үкіметтің халыққа, халықтың үкіметке деген сеніміне кірбің келтіретін жайт. Осы тұста ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек» деген сөзін қайталағым келеді. Дәл қазір бір-бірімізге болысатын, бірлік жолында бөлінбейтін шақтамыз. Әрбір азамат аурудан ең соңғы адам жазылып шыққанынша, қалыпты жағдай орнағанша еңбек ету керек деп білемін.

Ақиқат Абдуллаев,

Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Шымкент» МГҚБ Түркістан Газ Шаруашылығы мекемесінің II санатты инженері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *