Қасиетті қаланың абаттана түсуіне барша түркістандықтар өз үлестерін қосса деймін

Қасиетті қаланың абаттана түсуіне барша түркістандықтар өз үлестерін қосса деймін

3 просмотров

Қасиетті қаланың абаттана түсуіне барша түркістандықтар өз үлестерін қосса деймін

Мен «Тазалық» ЖШС мекемесінде істеп жатқаныма 5 жылдан аса уақыт болды. Түркістан қаламыз облыс орталығы атанғалы бері жұмысымыз есейе түсті. Әсіресе, аяқ жолдарды таза ұстау, көгалдарды күтіп-баптау жұмысы жыл бойы талап етілетін жұмыс. Біз Тәуке хан даңғылы, Төле би, Абылай хан, Мұңайтпасов, Мұқанов, Т.Мыңбасы, Мақатаев, Ш.Ниязов, Ататүрік көшелерінің тазалығына жауап береміз.  Қол астымда 30-дан аса жұмысшылар бар. Таңертең сағат 6 да басталатын жұмысымыздың жауапкершілігі мол. Басты мақсатымыз қаланы көгалдандыру, абаттандыру болғандықтан, қала тұрғындарының да бұған атсалысуларын қалар едім. Өйткені, кейбір қала тұрғындары көше тазалығы түгілі үйінің төңірегін тазалауды өзгелерден талап ететіні бар. Кейде ауласынан шыққан күл-қоқыс пен тастандыларды көше бойына қаппен шығарып тастап қойғанын қайтерсіз. Сондықтан, киелі де қасиетті қаланың абаттана түсуіне барша түркістандықтар өз үлестерін қосса деймін.

Жұбайхан Асанбаев,

«Тазалық» ЖШС мекемесінің бригадирі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *