ҚАУІПСІЗ ҚАЛА - ТҮРКІСТАН

ҚАУІПСІЗ ҚАЛА — ТҮРКІСТАН

29 просмотров

ҚАУІПСІЗ ҚАЛА - ТҮРКІСТАН

Рухани шаһарда тәртіп түзеліп келеді. Бұған «Түркістан – қауіпсіз қала» жобасының  тигізген пайдасы мол. Атап айтсақ жоба базар маңында жол және тұрғындар қозғалысының ретке келуіне септігін тигізді. Бұл тұста, тәртіпті жіті қадағалап, нәтиже шығара білген полиция қызметкерлерін де айта кеткен жөн. Ол үшін полиция қызметіне қолайлы жағдай жасау үшін де бірқатар жұмыстар жасалды. Атап айтсақ, «Ашық қоғам, ашық полиция» жобасы аясында арнайы бекеттер орнатылды. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде жол қауіпсіздігін қадағалау үшін былтыр жыл соңында 200 бейнекамера орнатылды. Алда, 300-ін ортану жоспарланған. Мақсат — айыппұл салу емес, қауіпсіздікті жандандыру. Сондай-ақ, мектептерге арналған INDIGO, SAKURA, MINDAL бағдарламаларымен қатар, биыл «Қабылдау орталығы», «Теміржол вокзалы» және Қ.А.Ясауи кесенесінде «Ашық wifi» жүйесі туристер үшін орнатылды. Осы жұмыстардың жалғасы ретінде алда халық көп шоғырланатын 7 саябақта аталмыш жобаларды  орналастыру жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *