Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде зерттеу, сараптау жұмыстарын жүргізді

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде зерттеу, сараптау жұмыстарын жүргізді

1 просмотров

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде зерттеу, сараптау жұмыстарын жүргізді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қолға алынған жұмыстың мақсаты  — орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қабырғалары мен құрылыс материалдарын және Орта Азиядағы теңдессіз жәдігерлердің бірегейі, әрі кірпіштен өрген ең үлкен күмбездің техникалық жағдайын сараптаудан өткізіп, сан ғасырлық нысанның құрылыс жағдайына бақылау жүргізу, табиғаттың тосын әсерлері мен түрлі факторлардан болған кемшіліктерді анықтау, кесенені сақтап қалу.

Осы орайда, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты жанынан ғалымдар мен ғылыми мамандардан құралған сарапшылар тобы құрылып, кесене іргетасынан бастап күмбезге дейін сараптау жұмыстарын жүргізді.

Айта кетсек, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана  күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады.

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Қазқайтажаңарту» РМК кесене күмбезін қайта жаңғыртудан өткізгенін хабарлаған  https://azretsultan.kz/k-mis-sejitova-k-ne-t-rkistan-alasy-tarihi-m-deni-keshenini-auma-ynan-elimizdegi-e-lken-ashy-aspan-astynda-y-m-razhaj-ashylady/ болатынбыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *