ҚАЗАҚТЫҢ ЗАҢҒАР АҚЫНЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ЗАҢҒАР АҚЫНЫ

14 просмотров

ҚАЗАҚТЫҢ ЗАҢҒАР АҚЫНЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев: “Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс “деген болатын. Осы ұғымның аясында бүгінде ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында әдебиет мен мәдениет саласы жаңалықтармен толығып келеді.

Ұлы ағартушы, ақын, сазгер Абай өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Оның қаламынан туған тың туындылар ақынның мәңгілік әдебиет әлемінде шоқтығы биік тұлға екендігін айқындап бергендей. Өйткені ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кетті.

Абай Құнанбаев — келешек білімде, оқуда деп ұғынған ақындардың бірі. Жастарды оқытуға бар күш — жігерін салған болатын. Абай шығармаларына үңілсек, ғылым, білім тақырыбы кеңінен қозғалады. Отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алған Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады.

Бүгінде Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гётелермен қатар тұрады. Осы ретте біз ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы екендігін ұғынамыз. Ендеше, әдебиет аспанының ірі жұлдыздарына айналған Абай мұрасын ұлықтап, кейінгі буынға насихаттау біз бен сізге парыз деп білеміз.

Яша Идирисов,
Түркістан қалалық Ахысқа түріктері этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *