"ҚАЗПОШТАДАН ҚЫЗМЕТ АЛУ БОЙЫНША ЖҮЙЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТ"

«ҚАЗПОШТАДАН ҚЫЗМЕТ АЛУ БОЙЫНША ЖҮЙЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТ»

29 просмотров

"ҚАЗПОШТАДАН ҚЫЗМЕТ АЛУ БОЙЫНША ЖҮЙЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТ"

«Алдын-ала алгоритм дайындау қажет. Алдағы уақытта да кез келген жайтқа төтеп беретіндей жүйе дайын болуы абзал. Әсіресе, қызмет алушылардың кезегін қалыпқа келтірген жөн», — деген Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы апталық мәжілісте Қазпошта мекемесінің төтенше жағдай кезінде, әр ай басында халық көп шоғырланатынын біле тұра алдын алу шаралары жасалмағанына сын айтты. Сондай-ақ, қызмет алу жүйесін оңтайландыру мақсатында ғаламтор арқылы жұмыс атқаруды тапсырды.

"ҚАЗПОШТАДАН ҚЫЗМЕТ АЛУ БОЙЫНША ЖҮЙЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТ"

Естеріңізде болса дүйсенбіде шаһар басшысы Рашид Аюпов адамдардың көптеп келуі себебімен ҚазПошта мекемесіне барып, халықты сабырға шақырған болатын.⠀

Нәтижесінде пошта байланыс торабы демалыссыз, 10:00–16:00 уақыт аралығында:

6-7 сәуір күндері – зейнетақы төлемдері, 8-9 сәуір күндері – арнайы төлемдер үшін шот ашу, 10-12 сәуір күндері – атаулы әлеуметтік көмек төлемдері және басқада қызмет түрлері көрсетілетіні хабарланған еді.

Бұдан бөлек, тұрғындарды кезекте тұрып, күттірмес үшін post.kz сайты және 1499 call центр арқылы ақпарат алуға, сәлемдемелерді және зейнетақыны үйге жеткізуге, курьерді шақырып EMS жөнелтімді алып кетуге тапсырыс беру мүмкіндігі де бар.

⠀Жалпы, 3-4 сәуірде 2710 әлеуметтік көмекті алушыларға шот ашып, банкомат арқылы 4600 аса тұтынушыға қызмет көрсетілсе, 6-7 сәуір күндері 12350 клиентке зейнетақы төлемдері жасалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *