Қазығұрт ауданының полиция басшысы онлайн-режимде тұрғындарға есеп берді

70 просмотров

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының талаптарына сәйкес, әр тоқсанда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Қазығұрт АПБ-ның бастығы полиция полковнигі Ерлан Тасполатов 2020 жыл 12 айында атқарған жедел-қызметтік жұмыстары бойынша халыққа есеп беру жиынын өткізді.
Қазығұрт ауданының полиция бөлімі қылмыспен күресті күшейтуге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру және нақты шаралар кешенін жүзеге асырды.
Соның нәтижесінде, жалпы ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың ашылуы 76,5 пайыздан 78,7 пайызға жоғарылаған. Оның ішінде, ауыр санаттағы қылмыстардың ашылымы 76,6 пайыздан 77,9 пайызға артса, ал аса ауыр санаттағы қылмыстардың ашылымы 75,0 пайыздан 100,0 пайызға өскен.
Орта санаттағы қылмыстардың ашылымы 62,8 пайыздан 80,6 пайызға, онша ауыр емес санаттағы қылмыстардың ашылымы 83,1 пайыздан 92,8 пайызға жоғарылаған.
Сондай-ақ аудан көлемінде атқарылып жатқан бірқатар іс-шаралардың нәтижесінде, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы 162-ден 51-ге, яғни 68,5 пайызға төмендеген. Толығырақ тоқталар болсақ, пәтер ұрлығы 30-дан 21-ге, мал ұрлығы қылмысы 58-ден 18-ге, тонау қылмысы 5-тен 0-ге, алаяқтық қылмысы 12-ден 11-ге төмендеп отыр.
Барлығымызға мәлім болғандай, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, аудан көлемінде мобильдік жұмысшы топ құрылып, жұмыстар атқаруда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылдың 12 айында аудан көлемінде бүгінгі таңға дейін тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, карантин талаптарының бұзылуына жол берген 295 жайт анықталған. Осы орын алған оқиғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен айыппұл салынған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүргізіледі.
Аудан полицейлерінің қаншама ескерту шараларын жүргізіп жатқанына қарамай, карантин талаптарының бұзылуына жол беру деректері тоқтамай келеді. Нақтырақ айтар болсақ, құдалық, қыз ұзату, беташар, туылған күн сияқты басқосулар және түнгі мезгілдегі кафелер мен сауда орындарының жұмыс жасауы азаяр емес. Бүгінгі таңда бұл-өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды полиция қызметкерлері алдағы уақыттарда да жалғастыратын болады.
Өз кезегінде Қазығұрт АПБ-ның бастығы полиция полковнигі Ерлан Тасполатов қандай да бір мәлімет болған жағдайда, жергілікті жердегі учаскелік полиция инспекторына немесе «102» телефонына хабарлама жасауға болатынын атап өтті. Сонымен қатар еліміздің болашағы үшін тұрғындарды карантин талаптарын қатаң түрде сақтауға шақырды.

One thought on “Қазығұрт ауданының полиция басшысы онлайн-режимде тұрғындарға есеп берді

  1. ТАСПАЛТАЕВ ЕРЛАН МЫРЗА АУДАНЫМЫЗҒА ТӘРТІП ОРНАТУШЫ — БІРІНШІ БАСШЫ БОЛДЫ.
    ҰРЫЛАР БҰРЫНҒЫДАЙ ТАЙРАҢДАЙ АЛМАЙ ҚАЛДЫ.
    ӨЗ БАСЫМ ОСЫ АЗАМАТТЫҢ ӨЗ МІНДЕТІН ТИКСІНШЕ АТҚАРУШЫ -ЖАВАПТЫЛЫӨ ҚАСИЕТІ МЫҚТЫ ЕКЕНІН СЕЗІП КЕЛЕМІН
    ИЯ, АУДАНЫМЫЗ ҮШІН АБЫРОЙ МЕН БЕДЕЛ РСЫНДАЙ БАСШЫЛАРДЫҢ АДАЛДЫҒЫМЕН ҒАНА КЕЛПТІНІ РАС.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.