ҚОҒАМДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ІСТЕРДІ БІРГЕ АТҚАРАЙЫҚ

ҚОҒАМДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ІСТЕРДІ БІРГЕ АТҚАРАЙЫҚ

23 просмотров

ҚОҒАМДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ІСТЕРДІ БІРГЕ АТҚАРАЙЫҚ

Волонтерлар жылына орай биылғы жыл бойы денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, мәдениет және басқа да салаларда 7 жалпыұлттық жоба іске асырылмақ. Сондай-ақ, әр өңірде волонтерлік стартапты қолдау және іске асыру, волонтерлер және волонтерлік ұйымдармен жұмыс бойынша үйлестіру шараларын ұйымдастыру ескерілген.
Еріктілер қызметі – бұл қоғамдық пайдалы істерге азаматтық қатысу нысаны, ұжымдық өзара іс-қимыл тәсілі және өзекті әлеуметтік проблемаларды шешудің тиімді тетігі.
Өткен жылғы Арыс оқиғасы Қазақстан халқының бірлігін көрсетті. Әрі еріктілерге деген қоғамның назарын аударды. Көптеген еріктілеріміз төтенше жағдайдан зардап шеккен қаланы қалпына келтіру жұмыстарын белсенділікпен атқарды.
Еріктілер қызметіне азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың қатысу аясын кеңейту, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру – маңызды міндет.
Волонтерлік жұмыстың еңбек өтіліне жататындығы жастарға беріліп отырған үлкен қолдау деп есептеймін. Студенттер оқу орнын бітіргенде еңбек кітапшасына ерікті бола жүріп атқарған қызметі жазылады. Ал, студенттерге қосымша шәкіртақының төленуі үлкен қолдаудың белгісі.
Бұл жыл баршамызға, әсірсе жастарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан баршаңызда ел Президентінің бастамасына белсенділікпен қатысуға шақырамын.
Жастарымыз мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әрдайым дайын болуы керек. Сондықтан алдағы жылы сол дәстүрді заманға сай қайта жаңғыртуымыз қажет.
Уақытты еріктілікке жұмсау – тұлғалық дамуға құйылған инвестиция деп білеміз. Сондықтан, ерікті болу ерлік екендігін ескерсек, елдің дамуына да өзіндік үлестерімізді қосайық.
Жансерік ЖҰМАН,
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы
«Jas Otan» жастар қанатының төрағасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *