ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: САЙРАМДА ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: САЙРАМДА ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ

23 просмотров

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: САЙРАМДА ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ

Бүгін, 7 ақпанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сайрам ауданында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға 9 тұрғын келіп, талап-тілектерін айтты.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: САЙРАМДА ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ


Ақбұлақ ауылының тұрғыны Е.Мараимова алимент өндіру мәселесін қозғай келіпті. Оған аудандық прокуратура жәнге соттың өкілдері заң аясында жауап берді. Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары бұл мәселені назарда ұстау керектігін айтты.
Ал Қасымбек датқа ауылының тұрғыны С.Төлендиев тұрғын үй салуға көмек сұрай келіпті. Бүгінде Сайрам ауданында 17 мың адам жер кезегінде тұр. 2013 жылдан бері жер беру тоқтатылған. Себебі, тапшы. Ал үй кезегінде 1700-ден астам адам тіркелген. Алдағы уақытта Қарасу ауылында 300 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлер салынады деп күтілуде. Осы деректерді қозғаған Б.Дәулетұлы жер беру мәселесі жүйеленіп, әбден зерттелгеннен кейін жүзеге асатынын айтты. Мұқтаж отбасыларға «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша көмектесуді ұсынды. Бұл ұсынысқа аудандық мәслихат депутаты Сиқымбай Сағындықов қолдау көрсетіп, тұрғынға үй салып беретінін мәлімдеді. Аудан әкімдігі тарапынан жер мәселесі шешілсе, баспанамен өзі қамтитынын білдірді. Сонымен бірге тұрғынның жұмыс мәселесін де шешіп бермек. Қоғамдық қабылдауға келгендердің басым бөлігі жер және үй мәселесін қозғады. Қарабұлақтық М.Абдуллаева, ақсукенттік Г. Юлдашеваға да заң аясында түсініктеме берілді. Тұрғындардың жер алу кезегі қатаң бақыланатын болды.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: САЙРАМДА ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ


Арыс ауылдық округінің тұрғыны Н.Балтабаев ауылға газ тартылмай жатқанын айтып шағымданды. Бұл тұрғынға аталған түйткіл бойынша тиісті қаржы қаралғаны, биыл «көгілдір отын» берілетіні айтылды. Қиындыққа тап болған көпбалалы ана М.Хидированың жағдайын зерделеп, шын мұқтаж екені анықталса, оған «Қамқорлық» бағдарламасы арқылы қолдау көрсету ұсынылды.
Қоғамдық қабылдауда Қарасу ауылдық округінің биі Ж.Дәубаев шынайы патриоттарды мәслихаттарға сайлау, ел бірлігін сақтау, отбасы институтын күшейту бағытындағы пікірлерін ортаға салды.
Жиында тұрғындардың сұрақтарына Сайрам ауданы әкімдігі мен бөлімдерінің және құқық қорғау органдарының өкілдері де жауап берді. Тұрғындардың өтініштері хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.
Қоғамдық қабылдаудан кейін Б.Тәжібаев Қарамұрт ауылындағы аз қамтамасыз етілген отбасыға келіп, тиісті көмек көрсетті. 5 перзентті жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ана М.Сатиеваға «Қамқорлық» бағдарламасының мақсатын түсіндіріп, партияның «Бақытты отбасы» жобасының жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Партияның Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әбдіқадыров әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарды анықтау, оларға жәрдемдесу бойынша тиісті жұмыс қолға алынғанын баяндады.
Сондай-ақ осы күні Қарамұрт ауылындағы тағы 2 отбасыға да азық-түлік беріліп, тиісті қолдау жасалды. Бұл отбасыларға «Қамқорлық» бағдарламасы арқылы жүйелі түрде көмек беру жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *