Қоғамдық қабылдауда көпбалалы аналарға көмек көрсетілді

Қоғамдық қабылдауда көпбалалы аналарға көмек көрсетілді

4 просмотров

Қоғамдық қабылдауда көпбалалы аналарға көмек көрсетілді

Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясының филиалында қала тұрғындарының өзекті мәселелері тыңдалуы жалғасуда. Кезекті қабылдау ұйымдастырған мәслихат депутаты Қорғанбаев Мұхамедәлі Нәзірұлы шаруасы шешілмей жүрген азаматтардың мұң-мұқтажына құлақ асты.

Қоғамдық қабылдауға өз өтінішімен келген көпбалалы аналар мектеп жасындағы балаларының мәселесімен келген. Олар білім орындарынада оқитын балаларына көрсетілетін көмектер, атаулы әлеуметтік көмектің ІІІ тоқсаны тағайындалмауына байланысты берілмеген көрінеді. Бұл мәсле бойыншша мектеп басшылары көпбалалаы аналарға Халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелуі керектігін айтқан.

Қала трғындарының өтінішімен толық танысқан Мұхамедәлі Нәзірұлы «Халықты жұмыспен қамту» орталығының басшысына тікелей қоңырау шалып, азаматшалардың мәселесі бойынша толық түсініктеме беруін өтінді.

Жалпы, мұндай қабылдаулар алғашқы рет болып отырған жоқ. Халық пен билік арасын жақындата түсетін шара бұған дейін де көптеген адамдардың түйіткілді тйінінің шешімін тауып, көмегін көрсеткен болатын. Алдағы уақытта да игі істің жалғасын табарына сенеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *