ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

5 просмотров

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясының «Open space» үлгісіндегі ғимаратында қалалық мәслихаттың депутаты Кенжалиев Алтынбек Тұрлыбиұлы қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар мәселесіне назар аударды.⠀Түркістан қаласының азаматы жалғызбасты ана қоғамдық қабылдауға қаржылай көмек сұрап келген. Үйінің шатырынан су ағып, жарамсыз халге жеткен. Шатырын жамауға қаражат таппай, күз ауасында қиналып жүргенін айтады. Мәселенің мән-жайымен танысқан Алтынбек Тұрлыбиұлы әкімдіктегі жауапты бөлімге хабарласып, қандай әлеуметтік көмек көрсетілетінін және кәсіпкер азаматтарға хабарласып, үйінің шатырын тұрғызып беруге жәрдем қолын созатынын жеткізді. 
Екінші кезекте ерекше қажеттілікті талап ететін баласы бар жалғызбасты ана осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде күнелтіп келгенін айтты. 2019 жылдан бері 6 ай көлемінде тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің 2 ай ғана төлемақысын алған көрінеді. Осыған байланысты қалған 4 айлық жәрдемақыны тағайындап беруді сұрап келген. Ол қаржыға кәсіп ашып, үш бірдей перзентін асырауды көздейді. Бұл мәселенің шешімін анықтау үшін Алтынбек Тұрлыбиұлы жауапты бөлім қызметкерімен хабарласып, мән-жаймен танысты. Ал, жеке кәсібін ашу бойынша «Халықты жұмыспен қамту орталығына» өтініш жасап, жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қайтарымсыз несие алып беруге жағдай жасайтынын білдірді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *