Қоғамдық қабылдауда тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

Қоғамдық қабылдауда тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

12 просмотров

Қоғамдық қабылдауда тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

Бүгін Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясының «Open space» үлгісіндегі ғимаратында қалалық мәслихаттың депутаты Сүлейменова Жәмила Төреханқызы қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар мәселесіне назар аударды.⠀Түркістан қаласының азаматы, көпбалалы ана мектеп қабырғасында оқитын балалырының техникалық құралдарының жоқтығынан онлайн сабаққа қатысу қиын болып жүргенін айтты. Бір құрылғыға 4 бірдей баласының сабағын оқуына және үй жұмысын орындауына қолайсыз екендігін жеткізді. Бұл мәселенің мән-жайымен танысқан Жәмила Төреханқызы оқушылардың қай мектеп білім алатынын анықтап, «Адами капиталды дамыту бөліміне» барып, мәселенің шешімін тауып беретініне уәде етті. Сонымен қоса, көпбалалы ананың жұмысынан айырылуына байланысты, мекемелермен хабарласып, бос жұмыс орнына орналастыру жайын қарастыруға ықпал жасайтынын айтты.

Екінші кезекте, жалдамалы пәтерді күнелтіп жүрген, ерекше күтімді талап ететін жұбайы және екі перзенті бар жас ана тұрғын үй мәселесі бойынша өтінішімен келген. Тұрғын үй кезегінде тұрған жас анаға, Жәмила Төреханқызы құрылыс жұмыстары аяқтала, категорияға сай, кезегімен берілетінін айтты. Сондай-ақ, жас отбасыға арнайы ұйымдастырып тұратын қайырымдылық шаралары арқылы да көмек беретінін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *