ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

27 просмотров

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ


Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қалалық Қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өтті. Кеңес отырысына қала әкімі М.Қадырбек, мәслихат хатшысы А.Байтанаев, Арыс қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Достанов және қоғамдық кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қоғамдық ой-пікір, ұсыныс және көпшілік сұрақтарына жауап беруге арналған жиынды қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Достанов ашып, жүргізіп отырды.
Кеңес отырысында Арыс аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Әбдімәлік Дінмұхаммедәлі Әбдірахманұлы «Арыс аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 2019 жылы атқарылған жұмыстарының есебі мен 2020 жылы атқарылатын жұмыстары туралы», Арыс аудандық ауруханасының бас дәрігері Әлімбаев Ерғали Сәдуахасұлы «Арыс аудандық орталық ауруханасының 2019 жылы атқарылған жұмыстарының есебі мен 2020 жылы атқарылатын жұмыстары туралы» және қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Мұхит Әсет Нұржанұлының «Қоғамдық-саяси ахуал және діни бірлестіктермен атқарылған жұмыс туралы» есепті баяндамалары тыңдалып, талқыланды.
Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *