ҚОШҚАР ҰРЛАҒАН ЕКЕУ ҰСТАЛДЫ

ҚОШҚАР ҰРЛАҒАН ЕКЕУ ҰСТАЛДЫ

9 просмотров

ҚОШҚАР ҰРЛАҒАН ЕКЕУ ҰСТАЛДЫ

Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын  арызданды. Ер адамның айтуынша, түнгі уақытта оның тұрғын-үйінің  ауласына белгісіз біреулер кіріп, қорасынан 3 бас қошқарын ұрлап кеткен. Яғни жәбірленушіге 180 000 теңге шығын келген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды.

Күдіктіні анықтау мақсатында жетісайлық тәртіп сақшылары  оқиға орнына шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде полицейлер бейнежазбалардан күмәнді автокөліктің бейнесін тауып, күдіктіні ұстады. Ол жәбірленушінің қайнысы болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті ер адам бұл қылмысты танысымен бірге жасаған. Яғни күдікті жездесінің үйінде ақыға жұмыс істеп, алайда туыстар арасында ақшаға қатысты түсінбеушілік туындаған. Ал күдікті ақшаның орнына деп, жәбірленушінің қошқарларын жымқырып кеткен.

Анықталғандай, күдікті екеу өзінше билік ету жолымен алған малдарды сатып, ақшасын жаратып жіберген. Аталған жайттың мән-жайын анықтаған  полиция қызметкерлері істі ҚР ҚК-нің 389-бабымен саралап, «Өзінше билік ету» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда екі күдіктіге де қатысты жинақталған іс құжаттар сотқа жолданған.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары тұрғындарды жеке мүліктеріне барынша сақ болуды ескертеді. Егер де, сіз, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысына куә болсаңыз,  полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.