Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

18 просмотров

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі— Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған сәулеттік ғимарат. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Кейін бұл кесене мұсылмандардың зиярат ететін орнына айналды. Бұл кесенеге қай кезде барсаң да, тағзым етіп, дұға-тілектерін оқып жүрген адам саны азаймайды. Әлемнің түкпір-түкпірінен көптеп келетін саяхатшылар да жиі көзге шалынады. Осыдан-ақ, бұл орынның қасиетті екенін айтпай түсінуге болады. Атап айтсақ, Түркістан облысындағы Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді. Одан соң, 1140 жылы Юсуп Хамадани, кейіннен оның екі мүритті дүние салған соң, қауымды Ахмет Ясауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралған. Онда софизм идеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кеткен екен.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады: 1.Қазандық; 2.Үлкен Ақсарай; 3.Кіші Ақсарай; 4.Құдықхана; 5.Кітапхана; 6.Асхана; 7.Көрхана; 8.Мешіт;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *