Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құрылыс материалдарының жарамдылығы мен төзімділігі тексерілуде

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құрылыс материалдарының жарамдылығы мен төзімділігі тексерілуде

2 просмотров

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құрылыс материалдарының жарамдылығы мен төзімділігі тексерілуде

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты тек қазақстандық қана емес ТМД, Орта Азия елдерінің де мамандарын тәжірибеден өткізіп, мамандардың біліктілігімен танылған ұйым. Қазіргі таңда таңдаулы ғалымдар мен мамандар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құрылыс материалдарының жарамдылығы мен төзімділігін, түрлі ішкі және сыртқы әсерлердің салдарынан зиян келген немесе жұмыс жүргізілуі тиіс аймақтарды анықтап, өз ұсыныстарын даярлайды. Қазіргі анықтауымыз бойынша кесененің іргетасы берік, өз қалпын мықтап сақтап тұр. Бұл бағытта жүргізілген реставрация жұмыстары да өзінің оң нәтижесін бергенін айтуға болады. Ал, құрылыс ғимаратының қабырғалары мен түрлі бөліктерінің
сейсмикаға, өзге де жағдайларға төзімділігін арнайы құрылғылар арқылы анықтау үстіндеміз. Алынған талдамалардың нақты шешімі Алматы қаласындағы орталықта тиісті ғалымдардың бас қосуынан кейін қабылданып, нәтижесі белгілі болады. Кесененің құрылыс төзімділігі туралы қазір айту ерте.

Сырымбек Ержанов,

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтының өкілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *