ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ КҮМБЕЗІН ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ КҮМБЕЗІН ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

10 просмотров

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ КҮМБЕЗІН ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезін қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Тарихи-мәдени кешенде атқарылған жұмыстар бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өткізілген пресс турда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер департаментінің басшысы Күміс Сейітова таныстырды.
Ауқымды жұмысты Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Қазқайтажаңарту» РМК жүргізген болатын. Күмбездің тарихи келбеті сақтала отырып, желдеткіш қабаттары да ретке келтірілген. Қазіргі уақытта күмбез етегіндегі сегіз қырмен қосылған жерінде гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Күмбезді қайта қалпына келтіру жұмыстары барысында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оған белгілі тарихшылар мен зерттеушілер және білікті реставраторлар қатыстырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *