ҚУАНЫШТЫ ЕСЕЛЕГЕН САЯБАҚ

ҚУАНЫШТЫ ЕСЕЛЕГЕН САЯБАҚ

28 просмотров

ҚУАНЫШТЫ ЕСЕЛЕГЕН САЯБАҚ
Түркістан қаласының тұрғындары үшін таптырмас демалыс орындарының бірі, шаһардың шығыс бөлігінен орын тепкен жаңа қаланың бастауындағы «Жібек жолы» саябағы бүгін өз жұмысын бастады. Бұл шараға қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы мен мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы арнайы барып қатысты. Қаланың зиялы қауым өкілдері мен тұрғындары куә болған бұл іс — шарада балалардың қуанышы еселене түсті.
«Жібек жолы» саябағы өткен жылы қолданысқа беру жоспарланған. Алайда пандемиялық ахуалдан қолданысқа беру кейінге шегерілген болатын. 30 гектар аумақты алып жатқан саябақта аттракциондар, жасанды көлдері мен жанға жайлы көрікті орындармен жабдықталған. «Әлем шатыры» деп аталатын биіктен саябақты тамашалап, төңіректің төрт бұрышынан көз жеткізуге болады. Жалпы аумағы 30 гектарды құрайды. 12,5 гектары балаларға арналған түрлі ойын аттракциондары, 5 гектары аллеяға бөлінсе, қалған 12,5 гектары серуендеу аймағы болып табылады.
Саябақта жердің 25 пайызы жаяу жүргіншілер жолына арналған. Сонымен қатар, дене шынықтыру үшін теннис үстелі, футбол, баскетбол алаңдары, веложолдар салынған. «Ертегілер әлемінде» деп аталатын арнаулы орын бар. Мұндағы негізгі ерекшеліктің тағы бірі Түркістан табиғатында сирек кездесетін (тіпті жоқ деуге болады) түрлі ағаштар отырғызылып, гүлдермен көмкерілген.
Сонымен қатар бұл іс — шарадан соң қазыналы қарттарымызға шаһар басшысы мен мәслихат хатшысы қаламыздың көрікті жерлерін аралата отырып, көңілдерін көтеріп, ақ баталарына бөленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.