ҮЙ АУЛАСЫНДАҒЫ ҮЛКЕН ТІРЛІК

ҮЙ АУЛАСЫНДАҒЫ ҮЛКЕН ТІРЛІК

113 просмотров

ҮЙ АУЛАСЫНДАҒЫ ҮЛКЕН ТІРЛІК

Бүгін Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі бастап, қаладағы екі өндіріс ошағына алып барды. Соның бірі «АЗИЯБРЕНД» жиһаз шығаратын цехы. Қаланың бір шетінде үй ауласында орналасқан цехта жылына 6000-ға тарта жиһаз шығарылады екен. Жұмысын 2015 жылдан бастаған «Азиябренд» жиһаз өндіруші кәсіпорының өнімдері итальяндық және ресейлік станоктарда жасалады. Шикізаттың 80 пайызы отандық өнім. Бұл көрсеткіш болашақта 100 пайызға артпақ. Қазіргі таңда 1 айдың ішінде 500 жиһаз өндіріледі мұнда. Еліміздің барлық аймақтарында өкілдіктері бар кәсіпорынның тауарларына сұраныс көп екен. Бағасы да қолжетімді. Кәсіпорында 60 адам жұмыспен қамтылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *