ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ - МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТІРЕГІ.

ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ — МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТІРЕГІ.

167 просмотров

ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ - МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТІРЕГІ.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен отбасылық байқау болып өтті. 4 кезеңнен тұратын байқауда қатысушылар отбасыларын таныстырып, өздері жасаған ұлттық тағамдарын әділ қазылар алқасына таныстырды. Қазақтың ұлттық нақышындағы киім үлгісімен өнерлерін көрсетіп, ұлттық салт-дәстүрді қамтитын және отбасы татулығы жайлы көріністер көрсетті. Сұрақтарға жауап берді. Сайыс қорытындысында Бас жүлдені — Шаға ауылынан келген Жолановтар отбасы жеңіп алды. І-орынға Жүйнек ауылынан келген Әлібековтар отбасы лайық деп танылса, ІІ-орын Кентаулық Дәуреновтар отбасына бұйырды. ІІІ-орын Қарнақ ауылынан келген Манаповтар отбасына табысталды. Байқауда отбасылар жан-жақты екендіктерін көрсетті. Болашақ жастарға ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, тәлім-тәрбие беруде үлкен үлес қосты. Барлық отбасыға бағалы сыйлықтар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *