ҮЙГЕ ГАЗ КІРГІЗБЕС БҰРЫН АРНАЙЫ МАМАНДАРМЕН АҚЫЛДАСҚАН ЖӨН

ҮЙГЕ ГАЗ КІРГІЗБЕС БҰРЫН АРНАЙЫ МАМАНДАРМЕН АҚЫЛДАСҚАН ЖӨН

16 просмотров

ҮЙГЕ ГАЗ КІРГІЗБЕС БҰРЫН АРНАЙЫ МАМАНДАРМЕН АҚЫЛДАСҚАН ЖӨН

Кентау қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік Төлегенов баспасөз конференциясында осылай деді. Түркістан қаласында орын алған қайғылы жағдай барлық адамдарды алаңдатты. Осы тұрғыда, Кентау қаласының тұрғындары тарапынан да төтенше жағдайлар бойынша сауалдар туындай бастады. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгін Кентау қаласы әкімдігінің мәжіліс залында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы өтті. «Қалада жылыту маусымы басталғалы тұрғын үй секторында 20 өрт тіркелді. Улы газдан улану жағдайы тіркелмеді», деді төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік Даулетиярұлы.

Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен тұрғын үй секторында жылыту маусымында өрттің алдын алу үгіт насихат жұмыстары тамыз айынан басталды. Екі жылдан бері қалада шұғыл топ және жұмысшы топтар ұйымдастырылған. Жұмыс тобының құрамында әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметі, Оңтүстік Жарық Транзит мекемелері, Жастар ресурстық орталығынан ерікті жастар өкілдері енгізілген. Осы топтармен бірлесіп өртке қарсы қызмет қызметкерлері үй аралау түсіндірме жұмыстары және Кентау қаласына қарасты ауыл округ әкімдігімен бірлесіп дөңгелек үстелдер өткізілген.Сонымен қатар, Бөлім қызметкерлері еріктілермен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерінде үгіт насихат жұмыстарын, үй- аула аралау арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. 1 қазанға дейін әлеуметтік жағдайы осал тобына жатқызылған (1709 үй есепке алынған)үйлердің барлығына қарау жүргізіліп 722 өрт қауіпсіздігінің кемшіліктері анықталды (322 кемшілік сол жерде орындалған)Бүгінгі күнге бұл үйлерге қайта қарап шығу жұмыстары жүргізіліп 400 үйде өрт қауіпсіздігінің кемшіліктері әлі күнге дейін толық орындалмағаны анықталды. Ауыл, елді мекен әкімдіктерімен анықталған кемшіліктердің орындалуы бойынша көмек көрсетілуде — деді бөлім басшысы.Қалаға газ келген бойда тұрғындар қандай жағдайды ескеруі қажеттігі аталып, ең алдымен газ орнатпас бұрын арнайы мамандармен кеңескен абзал. 2019 жылы Кентау қаласы көлемінде 3001 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға газосигнализаторлар орнатылған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылуда, деді бөлім басшысы. Қала тұрғындарын аталған шараларға бейжай қарамай, сақтық шараларын ұстануға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *