«ҮМІТ ҰЯСЫ» ҮМІТТЕРДІ ЖАЛҒАУДА

«ҮМІТ ҰЯСЫ» ҮМІТТЕРДІ ЖАЛҒАУДА

7 просмотров

«ҮМІТ ҰЯСЫ» ҮМІТТЕРДІ ЖАЛҒАУДА

Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Үміт ұясы» күндіз болу орталығы» аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың тікелей қолдауымен 2018 жылдан бері мүгедек балаларға ата-аналардан бөлек жан-жақты жағдай жасап, сауықтыру жұмыстарымен айналысып келеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды күйзелістен шығару үшін логопед, психолог, дефектолог, еңбек, музыка, массаж, емдік дене шынықтыру және дене шынықтыру мамандары балаларға арттерапия, әуен терапиясы, құм терапиясы, еңбек терапиясы және иппотерапия сынды емнің тиімді тәсілдерін қолданып, бірқатар нәтижелерге қол жеткізіп отыр.
Негізінен әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызмет түрлерін көрсететін аталмыш орталықта 40-қа тарта бүлдіршінмен 21 маман жұмыс жүргізуде. Балаларды тынықтыру, күйзелістен шығару, жанына жайлылық сезімін ұялату сияқты іс-шараларына арналған кабинеттері бар мекеме жуырда тағы бірнеше кабинетпен толықты. Аудандағы атымтай жомарт, кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен бүлдіршіндердің дене шынықтыру, физикалық ем-дом жасау кабинеті мен психологиялық тынығу бөлмесі заманауи құрал-жабдықтармен қайта жасақталды. Жаңадан жасақталған кабинетте тірек-қимылы кешеуілдеген бүлдіршіндер физикалық жаттығулар жасап, музыкалық-терапиямен емделулеріне толық мүмкіндіктер қарастырылған.
Айта кетейік, жергілікті қазынадан қаржыландырылатын аталмыш орталықта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дәрігер педиатор, жалпы медициналық дәрігер, логопед, дефектолог, психолог, еңбек, музыка терапиясы, массаж және емдік дене шынықтыру мен ойын және демалу, қабылдау бөлмелерінде кәсіби мамандар қызмет көрсетіп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *