ҮНДЕУДЕН ІШКІ ҮН ШЫҚТЫ...

ҮНДЕУДЕН ІШКІ ҮН ШЫҚТЫ…

9 просмотров

ҮНДЕУДЕН ІШКІ ҮН ШЫҚТЫ...

«ӘР ҚАЗАҚ ~ МЕНІҢ ЖАЛҒЫЗЫМ» деп, үндеу жасаған ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мына аты жаман індеттен қайтыс болып жатқан әрбір еліміздің азаматтары үшін қабырғасы қайысып, қайғыға ортақтасып көңілін білдірді. Сол үшінде 13 шілде — Ұлттық Аза тұту күні деп жариялады.
Иә, қазір әлемді шарпыған бұл індет қай елді болмасын есеңгіретіп, еңсесін түсіруде. Бірақ, мойымай бірлесіп бұл індеттіде еңсеретінімізді атап өтті. Әрине, жұмылса жұдырық болатын текті қазақ дәл қазіргі таңда құлақ түріп, сақтық шараларына аса мән беріп, бірлігімізді көрсететін сын сағаттар екенін білдірсе керек-ті.
Мен, осы үндеудегі ел президентінің сөздеріне қолдау білдіремін. Тіпті, бүгінгі Қасым-Жомарт Тоқаевтің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында, алдағы атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары, тапсырмалары жайлы жиыны мақсаты айқын, Ұлы Қазақ Елінің болашағы жарқын екенін көрсеткендей. Себебі, кезінде жер дауы болған мәселеге енді қайта оралмайтынын, оның негізгі мәселесі шешілгендігін қадап айтты. Бұл Ұлы халық Қазақ жұртының сайын дала иесі екенінін, оған ешкімніңде таласы жоқтығына нүкте қойылғандай.

Мыңбай Бақыт Өсербайұлы

Кентау қаласы, Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *