ҮЗДІКТЕР «ТҰРАН» КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ АТАНАДЫ

ҮЗДІКТЕР «ТҰРАН» КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ АТАНАДЫ

5 просмотров

ҮЗДІКТЕР «ТҰРАН» КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ АТАНАДЫ

 Түркістан қаласында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай баскетболдан 2007-2008 жылдары туылған және одан төмен жастағы қыздар арасында облыстық чемпионат бастау алды. Облыс орталығында “Балуан Шолақ” атындағы спорт кешенінде жалауы желбіреген сайысқа 9 команда қатысып, бақ сынауда.

Спорттық шарада сөз алған Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтжан Бердашов және “Түркістан су” спорт кешенінің басшысы Ғалымжан Құдияров қатысушыларға сәттілік тіледі. Айта кетерлігі, аталмыш доп додасында белсенділік танытып, шеберлік байқатқан ойыншылар өңірдегі жаңадан ашылған «Тұран» атты баскетбол клубының құрамына қабылданатын болады.

Облыс орталығының төрінде бастау алған жарыс үш күнге созылмақ. Осы күннен-ақ бұрымдылар арасында тартысты өтіп жатқан доданың нәтижесін алдағы уақытта арнайы хабарлайтын боламыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *