ҮЗДІКТЕРДІ ЕЛ БІРІНШІЛІГІ КҮТІП ТҰР

ҮЗДІКТЕРДІ ЕЛ БІРІНШІЛІГІ КҮТІП ТҰР

9 просмотров

ҮЗДІКТЕРДІ ЕЛ БІРІНШІЛІГІ КҮТІП ТҰР

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған панкратион және грэпплингтен жастар мен ересектер арасында Түркістан облысының ашық чемпионатының ашылуы өтті.

Қазығұрт, Сарыағаш, Шардара ауданы мен Шымкент, Кентау, Түркістан қалаларының өрендері өзара бақ сынаған додаданың басты мақсаты – спортшылар бойында адалдық пен парасаттылық, достық пен бірлік, Отанға деген сүйіспеншілік құндылықтарын қалыптастыру.

Шарада Түркістан облыстық панкратион және грэпплинг федерациясының президенті Асқар Айымбетов, қалалық спортты дамыту бөлімінің басшысы Қуатбек Айдарбеков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

“Түркістан қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған спорттың панкратион және грэпплинг түрі еліміздің басқа өңірлерінде жақсы дамыған. Соған қарамастан бүгінгі додада 60-қа жуық спортшылар бақ сынауда. Бүгінгі іріктеу сайысында жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар наурыз айында Семей қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алатын болады”,- дейді Асқар Төлеуұлы.

Айта кетейік, спорттың бұл түрі Олимпиада ойындарына енген ережесіз жекпе-жектің ең алғашқы түрі болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *