ҰЛАҒАТ КІТАБЫНДАҒЫ ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕР.

ҰЛАҒАТ КІТАБЫНДАҒЫ ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕР.

174 просмотров

ҰЛАҒАТ КІТАБЫНДАҒЫ ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕР.

(Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» кітабындағы ойдың зеректігі мен тілдің құнарлығы жайлы.) О бастағы жоғары білімді мамандығым ана тілім – қазақ тілінің оқытушысы болғандықтан, осы кітапты екі рет оқыдым. Біріншісі, жалпы мазмұнына қызықсам, екінші рет тілінің шеберлікпен, әрі тілдің айтпақ ойымен әдемі, әрі әсем қиуласуы еді. Кітап авторын мақтаудан бұрын оның ойшылдығы, ұлтына деген махаббаты ісімен де, тілімен де, айқындалып, халқының құрметіне бөленуінің сырын мемлекет қайраткерлеріне, мемлекеттің келешек иелеріне өнеге болсын деген ниетпен, аталған кітаптағы біршама сөз кестесін ұсындым: — Ол кезде білетініміз бір сан, білмейтініміз мың сан екен; — Кішкентай үй үлкен отауға қарайды; — Халқының табанына кірген шөңге, менің маңдайыма кірсін де; — Бабы мен күтімі келсе, озбайтын жүйрік жоқ; — Дүниенің кілті — сабырда; — Өткенге топырақ шашсаң, келешек саған тас атар; — Халық қазынасын тонап жатқан іс басына мүләйім, қолға билік тиген соң, «құдайың» болып шыға келеді; — Серттей сөзіміз осы; — Ұтқанымыз да, ұққанымыз да баршылық; — Ұтқанымыз да, ұққанымыз да көп; — Дін адамның өмір сүру шартының қалыптасқан қағидаттары, әрі адамзаттың дамуының құбылнамасы; — Дін – рухсыздық, қанағатсыздықтың алдына қойылған берік қамалдардың бірі; — Қазір бала тәрбиесімен айналысатын ата-аналардың кейбіреуінің өзіне тәрбие жетіспейді; — Мен бітірдім дегенше, Ел бітірді десейші; — Жаныңда жатталып,санаңда сақталып…; — Ұлы даламыз, кейде ашық жыр кітабы болып та көрінеді; — Балалық бейнесін жоғалтпаған адам адалдықтан адаспайды; — Салмақты сөзді саналы ер айтады; — Халқымыз үшін ер мен жердің бағасы аса биік; — Өз Отаның бұл дүниедегі жаннатың мен абатың; — Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі; — «Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күн болам. Қараңғылықтың кегіне Күн болмағанда кім болам!» С.Торйғыров.; — Таудай тілегі бардың, Тастан жүрегі бар; — Елің – құрышың, жерің – ырысың; — Мемлекеттің пайда болуы Құдайдан шығар. Бірақ, оны сақтап қалу адамдарда. (Арситотель); — Жоқты барға, барды базарға, базарды ажарға айналдырып алдық; — Өткен 25 жылда ұтқанымыз да, ұққанымыз да баршылық. Өкінішке орай, ұмытқанымыз да жетіп жатыр; — Ұтылмайтын жерде ұтылып, тұтылмайтын жерде тұтылып жататынымыз да баршылық; — Туған тілдің туы қашан да биік болуы керек; — Бір адам бір мұсылманды өлтірсе, жер бетіндегі барлық мұсылманды өлтіргенмен тең, деп айтылған Құранда; — Мен өз Отанымды жеме-жемге келгенде, жерден алып, жерге салуым мүмкін. Бірақ оның бөгде ешкімнің тілдеуіне ешқашанда жол бермеймін. (А.С.Пушкин); — Тал жібектей таза сөз еш жеріңді жыртпайды (Тұрмағанбет); — Талантқа көмектесу керек, дарынсыздар өздері де жол табады. «Ұлы дала ұлағаттары» Астана 2016ж. «Фолиант» баспасы Нұрмахан Назаров Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Журналистер Одағының мүшесі, Түркістан қаласының құрметті азаматы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *