ҰЛТТЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ЕКІ АВТОКӨЛІК СЫЙЛАДЫ

ҰЛТТЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ЕКІ АВТОКӨЛІК СЫЙЛАДЫ

122 просмотров

Созақ ауданының 90 жылдығына орай ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Жыл басынан басталған 90 жылдық тойдың қорытынды мерекелік кеші 11-12 қазаннан бастап мерекені тойлап жатыр. Айтулы мерекеге орай аудан әкімдігі орталық ипподромда көкпар, қыз қуу, бәйге сынды спорт жарыстары өткізілді. Тай бәйге, құнан бәйге, аламан бәйге жарыстарына аудан кәсіпкерлері мен облыс мәслихат депутаты Тұрысбеков Мағауия демеушілік жасады. Бәйгеге 80 сәйгүлік, көкпар ойынына 180 апайтөс тұлпарлар қатысты. Сондай-ақ, аудан тумасы Сүгірбаев Бағлан «Рriora» автокөлігін сыйға тартты. Аламан бәйге қорытындысы бойынша Алматы облысынан келген Үмбетов Ғабит 1-орынды жеңіп алды. 2-орын 500 мың ақшалай сыйлықты Теңізбаев Тоқан қанжығасына байлады. Сондай-ақ, Дәуренбаев Сұлтанның «Ғажап» тұлпары 3-орын (200 мың теңге) Жамбыл облысынан келген Құрманғалиев Төреби 4 — орын (100 мың теңге) иеленсе, 5- орынды «Досаевтар» әулеті қанағат тұтып 50 мың теңге сыйлықты иемденді. Құнан бәйге нәтижесінде: 5-орын «Досаевтар» әулеті — 50 мың. 4-орын Жүзжігітов Жұман — 100 мың. 3-орын Рахтаев Руслан — Жамбыл облысынан — 100 мың 2-орын Нәбиқұлов Жаңабай – 150 мың 1-орын Олжабаев Асқар, Тараз қаласы — 250 мың Тай жарысы бойынша: 5-орын Өтегенов Бейбітжан — 30 мың 4-орын Айтпан Айсұлтан — 50 мың 3-орын Әкен Нұрбол — 80 мың 2-орын Олжабаев Асқар — 100 мың 1-орын «Дәуренбаев Сұлтан алды. Сонымен қатар, Г.Асқаров атындағы «Көзайым» жүлдесімен «Ғажап» шаруақожалығының төрағасы Дәуренбаев Сұлтан марапатталып, жылқы олжалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *