ҰБТ: САҚТЫҚ ТАЛАПТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

ҰБТ: САҚТЫҚ ТАЛАПТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

91 просмотров

ҰБТ: САҚТЫҚ ТАЛАПТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан облысы Келес ауданында Ұлттық біріңғай тестілеу 23 маусымнан басталды. Биыл тестілеуді тапсыруға Келес ауданы бойынша 52 орта мектептен 1104 талапкер өтініш білдірген. Ал ҰБТ-ның алғашқы күні 124 адам тест тапсырды. Талапкер тестілеуге кіру алдында дезинфекциялаудың 5 кезеңінен (тоннель, аяқ киімін тазартатын кілемше, қолын антисептикпен сүрту, дене қызуын өлшеу) өтеді. Осыдан соң тест тапсырушы өзінің бет әлпетін арнайы бағдарлама арқылы сәйкестендіріп, өзі тағып келген медициналық маскасын кіреберісте берілетін жаңасымен алмастырды. Әрі қарай жылдағыдай тексеріспен (ҰБТ-ға рұқсат етілмейтін заттардың бар-жоғын бақылау) тестілеуге кіріп, аудиториядағы арақашықтығы сақталған орынға отырды.

ҰБТ: САҚТЫҚ ТАЛАПТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Ал тестілеу өткізілетін аудитория уақтылы желдетіліп, тестіленушілердің әр легінен соң тазартылуы тиіс. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу барысын құрамына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мен қоғам қайраткерлері кіретін арнайы мониторинг топтары бақылайды. Ұлттық біріңғай тестілеу Келес ауданында 23 – 30 маусым аралығында 8 лекке бөлініп өтеді. Тестілеуге кірген талапкерлерге 11 жыл бойы алған білімдерін кеңінен қолданып, сәттілік серік болуын тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *