ҰБТ: ТҮРКІСТАНДА ОРТАША БАЛЛ КӨРСЕТКІШІ 76-НЫ ҚҰРАДЫ

ҰБТ: ТҮРКІСТАНДА ОРТАША БАЛЛ КӨРСЕТКІШІ 76-НЫ ҚҰРАДЫ

18 просмотров

ҰБТ: ТҮРКІСТАНДА ОРТАША БАЛЛ КӨРСЕТКІШІ 76-НЫ ҚҰРАДЫ


Індет өршіп тұрған осы бір қиын кезеңде түркістандық түлектер ҰБТ-ны сәтті тапсырды. Атап айтқанда, маусым айының 26 мен 1 шілде аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің базасындағы тестілеу орталығында бақтарын сынады.
Жылдағыдан қарағанда биылғы жыл өте қиын болғаны баршаға мәлім. Бұл жерде ең әуелгі әсер еткен дүние әлем елдеріне қауіп төндіріп отырған індет болса, кейінгісі бітірушілерге қойылған қатаң талап. Осыған қарамастан коронавирустық инфекцияға байланысты қорғау шаралары күшейтілген режим аясындағы 6 күнде 1125 түлек тест тапсырды. Бітірушілердің көрсеткен нәтижесі бойынша сараласақ 32 мектептің орташа көрсеткіші 76,0 балл болды. Нақтылап айтқанда, Дарын мектеп-интернатынан 2 бітіруші түлек 133 балл, 2 түлек 130 балл, Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиядан 1 түлек -128 балл, №23 IT мектеп-лицейінен 1 түлек 126 балл, №19 жалпы орта мектебінен 1 түлек – 125 балл, М.Мәметова жалпы орта мектебінен 1 түлек 122 балл, М.Әбенова жалпы орта мектебінен 1 түлек 121 балл, Ә.Науайы мектеп-гимназиясынан 1 түлек 120 балл жинады. Қорыта айтқанда жалпы 100 және одан жоғары жинаған түлектер саны 163 болса, шекті 50 балға жетпегендер саны 111 болды. Осылайша ел болашағы болған түлектер он бір жылдық жемісті еңбегінің жеңісін көрсетті. Төрт аяғын тең басқан жүйріктер арасынан оза шауып, өздері түлеп ұшқан білім ошақтарының мерейін асырды.
Айта кетейік, 2019-2020 оқу жылы қалалық адами капиталды дамыту бөліміне қарасты 32 мектепті 1507 оқушы бітірді. Оның ішінде ҰБТ-ға 1154 оқушы өтініш білдіріп, 1125 оқушы қатысты. Бұл 74,7 пайызды құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *