ҰБТ: ТҮРКІСТАНДЫҚ 163 ТҮЛЕК 100 ЖОҒАРЫ БАЛЛ ЖИНАДЫ

ҰБТ: ТҮРКІСТАНДЫҚ 163 ТҮЛЕК 100 ЖОҒАРЫ БАЛЛ ЖИНАДЫ

20 просмотров

ҰБТ: ТҮРКІСТАНДЫҚ 163 ТҮЛЕК 100 ЖОҒАРЫ БАЛЛ ЖИНАДЫ

Түркістан қаласы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары балл 133-ті құрады. Бұл көрсеткішті «Дарын» мектеп-интернатының екі оқушысы жинады. Аталған білім ордасының тағы екі оқушысы 130 баллдан, ал Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының оқушысы 128 баллға ие болды. Жалпы, 100 және 100-ден жоғары балды 163 түлек жинады. 

Айта кетейік, ҰБТ барысында әр тест тапсырушының кіреберісте дене қызуы тексеріліп, медициналық бетпердемен қамтамасыз етілуі жіті қадағаланады. Сондай-ақ, сақтық талаптары қатаң ескеріліп, арақашықтық сақталады. Түлектерден жоғары температура анықталған жағдайда, тест тапсырушы ҰБТ-ны басқа күні тапсыруға мүмкіндігі болды.

Рухани шаһардағы ҰБТ Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да 26 маусым мен 1 шілде аралығында өткен болатын. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1154 оқушы өтінім беріп, оның 1125-і қатысқан болатын. 29 оқушының 25-і өз қалауымен, бір бітіруші әскерге кеткендіктен және 3-і тыйым салынған заттарды (телефон, наушник, шпаргалка) алып келгені үшін тестілеуден шығарылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *