Ұласбек Сәдібеков: Құр кеуде, әдемі жүріс керек емес

Ұласбек Сәдібеков: Құр кеуде, әдемі жүріс керек емес

84 просмотров

Ұласбек Сәдібеков: Құр кеуде, әдемі жүріс керек емес
Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлы төрағалық еткен лездемелік мәжіліске ауыл округі әкімдері, дербес бөлім басшылары, СЭС басшысы Е.Түктібай, аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің басшысы Б. Есенов қатысты.
Ауылдық округтерде атқарылған жұмыстар туралы халықты ақпараттандыру мақсатында әлеуметтік желілерде жариялау барысы жұмыстары өте төмен. Ауыл округ әкімдері интернет ресурстарында тиісті ақпараттарды орналастырмайды. Ауылдық округтерде мешіттерде дыбыс күшейткіш құралдары арқылы халықты маскалық режимді қатаң сақтау бойынша ақпараттық хабарламар бойынша жұмыстары төмен. Әлеуметтік нысандарда ара-қашықтықты сақтау, отбасылық іс-шараларды өткізбеу жөнінде ақпараттандыру жұмыстары да төмендігін аудан әкімінің орынбасары Ансар Жаңабайұлы атап өтті баяндамасында.
Жібек жолы, Манкент ауылдық округтеріне қарасты аумақтағы жолға түсетін жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылып, кадастр бөлімінің электронды картасынан алынды. Автомобиль жолына 285 жер учаскесі түскен. Оның ішінде 92 жер учаскесі аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімімен бюджет қаражатымен сатып алынған. Қалған 193 учаске иелері жолға түсетін жер учаскелерінен өз еркімен бас тартқан жер учаскелерінінің 94 учаскені қайтару туралы қаулы қабылданды, 25 учаске сот тәртібімен қайтарылуда (оның ішінде 19 сот шешімі шықты).
Ұласбек Сәдібеков: Құр кеуде, әдемі жүріс керек емес
— Берілген тапсырманы орындау керек. Қазір мобильді топтың жұмысы ауылдардағы той мәселесі, отбасылық іс-шаралар осы мәселелерді қолға алып, тиісті жұмыс жүргізіңіздер. Ешкім басымыздан сипамайды. Құр кеуде, әдемі жүріс керек емес. Қалаға жақын болғандықтан әр түрлі себептермен аурудын көбейіп кетуі мүмкін. Барыс келіс болып жатыр, орта жабық емес. Бірінші кезекте мобильді топтың жұмысы отбасылық іс-шараларды тоқтату, болдырмау осыны қадағалау керек,- деді аудан басшысы Ұласбек Сәдібеков.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.