Ұлы ақын ұлықталды

Ұлы ақын ұлықталды

6 просмотров

Ұлы ақын ұлықталды

Осындай атаумен бүгін облыс орталығы Түркістан қаласында онлайн-конференция өтті. Конференцияны Абайдың 175 жылдығына және Абай күніне орай қала әкімдігінің «ішкі саясат» бөлімі ұйымдастырды. Онлайн форматта өткен жиынға қала әкімі Р.Аюпов арнайы қатысты.

Басқосу барысында қала әкімі Рашид Аюпов құттықтау сөзін жеткізді. Әлем әдебиетінің алып тұлғасына айналған Абайдың туындылары өміршең екендігіне тоқталды. «Абай — артынан өшпес із қалдырған біртуар азамат, қазақтың дара ақыны. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы құтты болсын! Оның адалдыққа жетелейтін мол мұрасын насихаттап, ақын арқылы ұлттық болмысымызды тани аламыз.  Сондықтан — мақтан тұтуға тиіспіз»,- деді Рашид Абатұлы.

Шара шеңберінде жастар Абай Құнанбайұлының ақындық өнері мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында қара сөздері мен өлеңдерін тікелей байланыс арқылы экранның арғы жағынан жатқа оқыды. Нақтылай түссек, «Zoom» платформасы арқылы байланысқан ұстаздар мен түркістандық жастар — ақынның қара сөзі мен өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Қатысушылар белсенділігі ескерусіз қалмады, барлығына дерлік арнайы әзірленген сый-сияпат табысталды. Марапатқа ие болғандар қатарында  «Абай және табиғат» атты қыл қалам шеберлері байқауының жеңімпаздары да бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *