ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТЕТІН 12 КҮНДІК ШАРАЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТЕТІН 12 КҮНДІК ШАРАЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

237 просмотров

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТЕТІН 12 КҮНДІК ШАРАЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

Түркістан қаласында Ұлыстың Ұлы күніне орай өтетін шаралардың бағдарламасын назарларыңызға ұсынамыз. Облыс орталығында Әз Наурыз мейрамын тойлауға, көрісіп, көңіл көтеруге дайынсыздар ма? Олай болса шаралардың тізімімен танысып, дос-жаранмен бөлісіңіз!

14 наурыз 13:00 — «Қабылдау орталығында» «Наурыз – Бастау» атты имандылық шарасы (ас беру);

14-15 наурыз Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет сарайында ақындар айтысы;

14-21 наурыз – облыстық Жастар ресурстық орталығында «Dombyra party» кеші;

16 наурыз – «Гүлдер» саябағында «Көрісу» мейрамы;

18 наурыз – «Бірлік» клубында «Наурыз жыры» жас ақындардың поэзиялық кеші;

20 наурыз – С. Сейфуллин мектеп-лицейінде «Наурыз – бірлік, жаңару, татулық мейрамы» атты үздік ұлттық киім байқауы;

21 наурыз — №24 жалпы орта мектебінде «Көктем дүбірі» балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы;

21 наурыз «Жеңіс» саябағында балалар жәрмеңкесі;

21-22 наурыз – «Aqjaiyq» музыкалық мектебінде «EMERGE» халықаралық tech-форумы;

21 наурыз – «Жеңіс» саябағында концерттік бағдарлама;

21-22 наурыз – Этноауылда «Түркістан көк аспаны» халықаралық әуе шарларының фестивалі;

21 наурыз – Әуенді субұрқақ жанында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Бала Абайдан дана Абайға дейін» музыкалық шарасы;

21-25 наурыз – Этноауылда Ұлыстың ұлы күніне орай «Наурыз әлемі. Тарих тынысын тыңдашы!» мерекелік шарасы;

22 наурыз – Этноауылда тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату, гір тасын көтеру және қол күресінен жарыс;

23-24 наурыз – «Жеңіс» саябағында «Ұлыс оң болсын – ақ мол болсын!» дәстүрлі мерекелік кештері.

Сонымен қатар, Балуан Шолақ спорт кешені мен қаладағы білім ошақтарында 14-24 наурыз аралығында түрлі спорттық сайыстар, байқаулар, ашық сабақтар мен мерекелік концерттер өтеді.

Тарих тынысын Түркістанда тыңда!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *