ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА "АБАЙ-ДАНА, ДАРА-ҰСТАЗ" АТТЫ АУДАНДЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА «АБАЙ-ДАНА, ДАРА-ҰСТАЗ» АТТЫ АУДАНДЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

22 просмотров

ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА "АБАЙ-ДАНА, ДАРА-ҰСТАЗ" АТТЫ АУДАНДЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Абай – қоғамға шамшырақ. Дала данышпанының шығармалары осыдан ғасыр бұрын жазылса да оның мәні мен маңызы, тағылымы мен тәлімі әлі күнге дейін өте өзекті. Міне, сонысымен де ол құнды, баға жетпес қазына. Арыс қалалық білім бөлімі мен қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен, Арыс қалалық мәдениет үйінің ұйытқы болуымен өткен байқауда Абай Құнанбайұлының асыл мұралары кеңінен насихатталып, мұғалімдердің шығармашылық деңгейі жоғарылады. Шараға аудан көлемінде 30-үміткер қатысып, байқау ережесіне сай үш кезең бойынша сынға түсті.​ Салтанатты ашылу рәсімінде Арыс қалалық білім бөлімі мен қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұматай Мұхаев пен И.Журба мектебінің директоры Әбдісаттар Жүніс құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарға сәттілік тіледі. Игі шара барысында Арыс аудандық сотының судьясы Г.Мекембай ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы аясында баяндама оқыды. Мұнан соң, қатысушылар Абай өлеңдерін жатқа айтып, Ұлы ақынға арнау айтып, Абай әндерін шырқады. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен «Бас жүлде» — М.Бекмановқа(Жиделі мектебі, жүлде-«Сарыағаш» шипажайына жолдама), І — орын Ж.Мұсаға бұйырды. (М.Шаханов мектебі, жүлде — «Арыс» шипажайына жолдама). Өзге орындарды иелендерге​ (І, ІІ, ІІ орындар) республикалық «Ынтымақ жолы» қоғамдық қорының «Еселі еңбегі үшін» Абай Құнанбаевтың мерекелік медалі награтталды. Байқау соңында барлық үміткерлерге Арыс қалалық білім бөлімі мен қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының атынан мадақтамалар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *