ӘЗІРЕТ СҰЛТАН ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ ГРЕКИЯҒА АТТАНДЫ

ӘЗІРЕТ СҰЛТАН ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ ГРЕКИЯҒА АТТАНДЫ

124 просмотров

ӘЗІРЕТ СҰЛТАН ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ ГРЕКИЯҒА АТТАНДЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2018 жылдың 9 — 11 қараша күндері Грекияның Салоники қаласында өтетін «Philoxenia-2018» ең ірі халықаралық көрмесіне «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұжымы аттанды. Алдағы үш күн бойы әлемдік жетекші туристік орталықтар назарына Қожа Ахмет Ясауидің мұралары және Түркістан өңіріндегі киелі-тарихи жерлері ұсынылады. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы бастаған қазақстандық делегаттар қорық- музей қорындағы 1871-1872 жылдары түсірілген А.Кунның фотоальбомынан туындыларды және кесененің әр жылдардағы бейнелері мен Түркістанның көріністерін, тайқазан, шырағдан суреттерін, Қожа Ахмет Ясауи мен тайқазанның макеттерін көпшілік назарына ұсынады. Сондай-ақ, Ясауи кесенесі мен Қылует жерасты мешіті, Шығыс моншасы, Гаухар ана, Укаша ата кесенесі мен құдығы, Сауран қалашығы сынды тарихи орындардың 3D тур нұсқасы Елбасымыздың цифрландыру жүйесі негізінде дайындалып, халықаралық көрмеде алғаш рет көрсетіліп, көзілдірік арқылы таныстырылады деп күтілуде. Сонымен қатар, қорық-музейдің тарихи орындары мен музей хақында үш тілде жарық көрген буклет кітапшалары мен жәдігерлердің каталог кітаптары көрме экспозициясынан орын алмақ. Айтулы шара аясында Қазақстанның ұлттық тағамдары мен «Асық ату», «Арқан тарту» сынды ұлттық ойындары да көрсетіледі. Айта кетсек, бұған дейін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен Түркия Республикасында да көрме ұйымдастырып, бірқатар ірі қалаларына Ясауи мұраларын насихаттаған болатын. Еуропалық мәдениеттің дамуына үлкен әсер ете отырып туризм саласы дамыған, әсем ландшафты аралдарға бай Греция жеріне АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Франция азаматтары көптеп ағылып, қызықты әрі тарихи орындарымен танысуға бейім. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығы, Түркістан қаласының облыс орталығы атануына байланысты қорық-музей басшысы Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы бастаған делегаттар Грецияға жасалған сапар барысында бірқатар туристік келіссөздер жүргізіп, мәдени-тарихи мұраларды дәріптейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *