ӘЛЕМДЕГІ ЖАСЫЛ УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІРІ – ХҚТУ

ӘЛЕМДЕГІ ЖАСЫЛ УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІРІ – ХҚТУ

118 просмотров

ӘЛЕМДЕГІ ЖАСЫЛ УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІРІ – ХҚТУ

«Гринметрик» (UI GreenMetric World University Ranking) — университеттердің экологиялық инфрақұрылымын бағалайтын жалғыз рейтинг. Құрамына әлемдегі озық 719 университеттер (АҚШ, Жапония, Италия, Жаңа Зеландия, Ресей, Түркия және т.б.) енген рейтинг 2018 жылы 19 желтоқсанда Джакарта қаласында қорытындыланған болатын. Осы бағалауда қаламыздағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті 499-шы орынды иеленді. Рейтингте Ахмет Ясауи университетінің көрсеткіштері назарға алынған. Ендеше төмендегі шарттарға негізделген көрсеткіштерге назар салыңыз. 1. ЖОО инфрақұрылымы және қоршаған орта (24 %) Setting and Infrastructure (SI) (543-орын); 2. Энергияны тиімді пайдалану және климатты өзгертуге ықпал ету (21 %) Energy and Climate Change (EC) (179-орын); 3. Қалдықтарды өңдеу (15 %) Waste (WS). (582-орын); 4. Су ресурстарын тиімді пайдалану (10%) Water (WR) (545-орын); 5. Транспорттық саясат (21%)Transportation (TR) (396-орын); 6. Экологиялық білім беру (9 %) Education (ED) (466-орын). Қорыта айтқанда әлемдегі таңдаулы білім ордаларының арасынан өзіндік орны қалыптасқан Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің алдағы уақытта әлі де биік белестерді бағындыратынына сенім мол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *