«Әке-отбасының тірегі, Отанның қорғаны»

«Әке-отбасының тірегі, Отанның қорғаны»

29 просмотров

«Әке-отбасының тірегі, Отанның қорғаны»

Қазіргі таңда қазақ қоғамында ғана емес, әлемнің көптеген елінде «әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі екінші орынға ығысып барады» деген әңгіме ел арасында желдей есіп тұрғаны ақиқат.
«Әке – отбасының тірегі», «Әке – асқар тау», деп әкенің қоғамдағы ролін айқындап берген бабаларымыздың қанатты сөздері қазіргі уақытта өз салмағын жоймады ма, нарықтық экономиканы сылтауратып әкенің қоғамдағы орнын жоғалтып алмадық па, бұрынғы әкелер мен қазіргі әкелердің айырмашылығы қандай, деген сыңды сан сауалдардан тұратын сұрақтардың шешімін табу мақсатында. Жетісай ауданы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Әке-отбасының тірегі, Отанның қорғаны» тақырыбында облыстық семинар болып өтті.
Семинардың ашылу салтанаты екі кезеңде өтті. Алдымен облыстық семинарға келген қонақтар аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевпен бірге ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, мектеп оқушыларының орындауындағы Абай өлеңдерін тыңдады.
Облыстық семинар кеңестің екінші кезеңі аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жалғасты. Екінші кезең мектеп оқушыларының қатысуында бала тәрбиесіне байланысты танымдық мағынасы жоғары сахналық қойылыммен ашылды. Облыстық семинар кеңесті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіғаппар Исаев жүргізіп отырды.

«Әке-отбасының тірегі, Отанның қорғаны»


Алғаш болып алғы сөз айту үшін сөзге шыққан Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев «Әке деген сөз – мейірімділік, ержүректік, әдептілік деген ұғымдармен іспеттес. Әкенің бала дүние есігін ашқаннан бастап, оның өсіп дамуына тигізетін әсері маңызды екені баршаңызға мәлім. Отбасында әке тәрбиесінің ролі – баланы еңбекке баулға үйретудегі ең негізгі күш болып табылады. Бұрынғы әкелеріміз барлық мәселде соңғы сөзді өздері айтқан және ол заң болатын. Сол кезде әкені тыңдап өскен балдардың жаманы болған жоқ. Барлығы өмірге бейімделіп қоғамнан өз орнын алды. Қазіргі кезде әкенің ролін аналарымыз алмастырып бара жатқаны аздап мені қынжылтады. Ең болмағанда әкелеріміз уақыт тауып мектептегі ата-аналар жиналысына баруы керек. Үйде сабағына көмек беріп онымен ақылдасып жұмысқа баулып үйретуі тиіс. Сонда болашақта өз ойын ашып айта алатын ер мінезді азаматтарды тәрбиелей алады» деп ауданымызда өз жұмысын бастап жатқан «Әкелер мектебінің» жұмысына сәттілік тіледі.
Облыстық семинар кеңеске Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлебаев Кенжехан Атақұлұлы, Келес, Қазығұрт ауданының ардагерлер кеңесінің төрағалары және Шардара ауданы әкелер кеңесінің төрағасы, Жетісай ауданы білім бөлімінің маманы, арнайы қатысып баяндамалар жасады. Одан бөлек түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен психолог мамандар жарыссөзге шықты.
Семинар кеңестің соңында бала тәрбиесінде әкенің ролін арттыру үшін, білім беру мекемелері арқылы түрлі дөңгелек үстел, лекциялар ұйымдастырып, бұқаралаық ақпарат құралдары бетінде «Аналарға айтар сөз» атты тақырыппен арнайы айдар ашып тұщымды тәрбиелі маңызы зор мақалар жариялап отыру ұсынылды.
Семинар кеңесті №7 Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің оқушыларынан құралған хор ұжымы «Әкелер мектебінің әнұранын» орындап аяқтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *