«Әкелер мектебі» өңірлерде жалғасын табуда

«Әкелер мектебі» өңірлерде жалғасын табуда

32 просмотров

«Әкелер мектебі» өңірлерде жалғасын табуда


Қазіргі таңда әкенің қоғамдары рөлі мен әке атаулы тұлғаның алар орны ерекше. Себебі әкенің отбасыдағы, қоғамдағы алар орны ерекше. Қазақ әкенің орнын жоғары бағалап, отау иесі, елдің тірегі ретінде биік қойған. Қазіргі заманда әке атаулының абырой беделі, парызы, қамқорлығы мен адамшершілік ізгі қасиеттері жоғалып бара жатқандай. Заман ағымына қарай отағасының балаларына деген көзқарасы сиреп, өскелең ұрпақтың ержетуіне, балалардың сабаққа деген үлгерімі, олардың араласатын ортасы жайлы, сабақтан тыс уақытта немен айналысып жатқанымен қазіргі ата-ана бей-жәй қарап келе жатқаны жасырын емес. Кей кездері балалардың мектептегі оқу үлгерімі мен нашар оқитын оқушылардың жәй-күйін ата-аналарға жеткізу үшін өткізілетін жиналыстарға шақыратыны да баршылық. Онда да көптеген ата-аналардың жұмысбасты болуына байланысты кейде оқушының атасынан гөрі анасының жиі келетіні кездейсоқ емес. Соған байланысты әкелер кеңесі де қолға алынған болатын. Осыған орай әкенің қоғамдағы орнын айшықтау мен ата-аналар жиналысына әкелердің қатыстырылуын қамтамасыз ету мақсатында №10 мектепте әкелер семинар кеңесі өтті. Жиын басталмас бұрын қонақтар, мен ата-аналар қауымына арнап фаэде қала мектептерінен құрылған «Әкелер мектебінің іс-тәжірибе» көрмесімен танысты. Семиннардың күнтәртібіне сәйкес ата-аналарға әкенің қоғмдағы рөлі жайында қысқаша бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ жиынға қала әкімінің орынбасары, Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы, қалалық әкелер мектебінің төрағасы, қалалық әжелер алқасының төрайымы, ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Басқосуда Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов өз баяндамасында «Әкелер мектебі» атты семинардың ашылуымен құттықтай отырып, Түркістан облысында алғашқы болып Түркістан қаласында облыс әкімі Ө.Шөкеевтің бастамасымен қолға алынып «Әкелер кеңесі» ашылғандығын атап өтіп, шараның қоғамға қажеттілігіне тоқталып өтті. Одан әрмен сөз алған қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Үсенбаев «Әкелер мектебі» жобасының Кентау қаласында қолдау тапқанын атап өтіп, аталған семинардың мән маңызына тоқталды. Сондай-ақ қалалық әкелер мектебінің төрағасы Әділбек Акмурзин «Отбасындағы ұл баланы тәрбиелеудегі әкенің рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамадан соң семинардың бағдарламасына сәйкес әкелер құрамы «Отбасындағы ұл баланы тәрбиелеудегі әкенің рөлі» дөңгелек үстел, «Әке – тірек. Ана- жүрек. Бала-тілек!» пікірталас алаңы, «Әкем – бәйтерегім» тәрбие сағаты, «Б.Момышұлының ұрпақ тәрбиесі жөнінде нақыл, өсиет сөздері» дөңгелек үстел, Ырымдар мен тыйымдар бойынша топтық жұмыс, «Қазіргі замандағы әкенің отбасындағы рөлі» коучинг сабақ, «Әкеге арналған хат» тәрбие сағат секілді ұйымдастырылған сыныптарда басқосып, ұсыныс пен пікір таластар ортаға салды. Сонымен қатар жиында мектеп қабырғасындағы кітапхана бөлімімен сондай-ақ мектеп саласымен үздіксіз байланыс орнатып, атсалысқан бірқтар озық шыққан ата-аналарға мектеп директорының алғыс хаттарымен және де құрметті қонақтардың дайындаған арнайы сый сыяпаттары табыс етілді. Әрмен қарай қадірлі қонақтар өзге де сыныптарда өткізіліп жатқан іс-шараларға қатысты. Жиын соңында үлкен залда семинарды қорытындылап, ата-аналар тарапынан туындаған ұсыныстар мен талдауларға кезек берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *